2025 жылғы 24 қыркүйекте Қорам ауылдық округі әкімі аппаратында жұмыс тобының мүшелері қоғамдық мониторинг жүргізіп, оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар берілген.
Пост-бақылау барысында ауылдық округ басшылығы тарапынан бір жыл ішінде бұрын анықталған бұзушылықтарды жою және берілген ұсынымдарды орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілгені анықталды.
Атап айтқанда, белгіленген талаптарға сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдарға арналған пандус, сондай-ақ персоналды шақыру түймесі орнатылған. Сыртқы баспалдақтың жабыны ауыстырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, интернет қосылымының жылдамдығы төмен екені анықталды, бұл электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетінше алуға қиындық туғызады.
Бұдан басқа, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мемлекеттік органның атауы көрсетілген маңдайша жоқ. Мемлекеттік органның атауы мен жұмыс кестесі көрсетілген, Брайль қарпімен орындалған тактильді маңдайша өзекті емес, мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орнының таңбалануы жаңартуды қажет етеді.
Ауыз суға арналған диспенсер және мүгедектігі бар адамдарға арналған санитариялық бөлме (дәретхана) жоқ.
Масақ ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі атауы көрсетілген маңдайшаның белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған стенд, оның ішінде мемлекеттік органның атауы мен жұмыс кестесі көрсетілген, Брайль қарпімен орындалған тактильді маңдайша тиісті емес жағдайда орналасқан. Сондай-ақ мемлекеттік органның жұмыс кестесі туралы ақпараттың өзектілігін жоғалтқаны және мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орнының таңбалануы жаңартуды қажет етеді.
Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар беріліп, оларды жою мерзімдері белгіленді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі