Қазақстан Республикасында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кәсіпкерлік қызметтің маңызды бағыты болып табылады. Әсіресе, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан жарнама құралдары кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді. Алайда мұндай жарнаманы орналастыру заң талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс.
Сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Аталған заңның 7-бабына сәйкес жарнамаға қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама объектілерін орналастыру үшін уәкілетті органнан арнайы келісім алу қажет. Бұл мемлекеттік қызмет электрондық форматта «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беру кезінде:
Жарнама объектілері:
Заң талаптары бұзылған жағдайда заңсыз орнатылған жарнама объектілері демонтаждауға жатады және жауапкершілік көзделеді.
Сыртқы жарнаманы заң талаптарына сай орналастыру – кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды шарт. Заң нормаларын сақтау арқылы кәсіпкерлер өз бизнесін тиімді дамытып қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке де үлес қосады.
Қосымша ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан немесе «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы алуға болады.
Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
бас маманы Байғоңыр Гүлнұр Ғалымқызы