Меню

Страницы

Статья

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

Салық Кодексінің 617- бабына сәйкес.

  1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) мемлекет:

      жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.

  1. Жер учаскелерiн және жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленедi.
  2. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында – жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде өздерінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәлiметтерді ұсынады.
  3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың жеке кодтары туралы мәлiметтерді ұсынады.

 618-бап. Төлемақы төлеушілер

  1. Мыналарды:

      жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

      пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

  1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

      Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осы тармақтың ережелері пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған салық төлеушілерге қолданылмайды.

  1. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:

      шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша – осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессия шартында көрсетілген мерзім, бірақ жергілікті атқарушы орган уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде – концессионер.

 619-бап. Салық салу объектісі

      Мыналар салық салу объектісі болып табылады:

      мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;

      пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.

624-бап. Салықтық есептілік

  1. Мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері алып жатқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша төлемақы төлеушілер, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ дара кәсiпкерлерді қоспағанда, салық органдарына:

      1) жер учаскесінің тұрған жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;

      2) жер қойнауы учаскесінің тұрған жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесіне төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.

  1. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
  2. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
  3. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.

 

 

Салық төлеушілермен жұмыс бөлімі

Дата публикации
04 февраля 2026
Дата обновления
04 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы