Меню

Страницы

Статья

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

 

Салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнайы салық режимдерінің 3 түрі енгізілді:

  1. өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
  2. оңайлатылған декларация негізіндегі;
  3. шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

 

Анықтама үшін:

  • оңайлатылған декларация негізіндегі АСР мен бөлшек салық АСР біріктірілді;
  • патент негізіндегі АСР мен мобильді қосымшаны пайдалану арқылы АСР біріктірілді;
  • тіркелген шегерімді қолданатын АСР жойылды;
  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған АСР (жалпыға бірдей тәртіпте) жойылды.

 

1) Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР:

  • жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар қолдана алады;
  • жалдамалы қызметкерлерсіз;
  • табыстың шекті мөлшері – айына 300 АЕК (1,3 млн тг, жылына 15 млн тг);
  • қызмет түрлерінің рұқсат етілген тізбесі (ҚР Үкіметінің қаулысы);
  • әлеуметтік төлемдер – табыстың 4% мөлшерінде;
  • жеке табыс салығын төлеуден босатылады;
  • салық есептілігі (СЕН) тапсырылмайды, есеп мобильді қосымшадағы чектер негізінде ай сайын жүргізіледі.

 

2) Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР:

  • жылдық табыстың шекті мөлшері – 600 000 АЕК (2,5 млрд тг);
  • жалдамалы қызметкерлер саны бойынша шектеу жоқ;
  • жеке табыс салығының мөлшерлемесі – 4% (мәслихаттардың 50%-ға төмендету/көтеру құқығы бар);
  • қызмет түрлерінің тыйым салынған тізбесі (ҚР Үкіметінің қаулысы);
  • ҚҚС төлеушілер болып табылмайды;
  • салық есептілігі жарты жылда бір рет тапсырылады;
  • табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн тг) асқан жағдайда салық салынатын табысты еңбекақы қоры сомасына азайту құқығы бар;
  • табыс 135 000 АЕК-тен (550 млн тг) төмен болса, бухгалтерлік есеп жүргізуден босатылады;
  • жалпыға бірдей режимдегі салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізіндегі АСР субъектілерімен өзара есеп айырысу сомаларын шегерімге жатқызуға тыйым салынады.

 

3) Шаруа (фермер) қожалықтары үшін АСР

 

(қолданыстағы тәртіп сақталады, салық жеке табыс салығы түрінде төленеді, бірыңғай жер салығы жойылды):**

  • ауыл шаруашылығы қызметі;
  • ҚҚС, әлеуметтік салық, ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын мүлік пен көлік құралдарына салынатын салықтарды төлеушілер болып табылмайды;
  • мөлшерлеме – айналымнан 0,5%;
  • жер учаскесінің болуы міндетті;
  • салық есептілігі жылына бір рет тапсырылады.

  

Салық төлеушілермен жұмыс бөлімі.

Дата публикации
14 января 2026
Дата обновления
14 января 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы