Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау үшін Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының кеңсесі арқылы арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар:
- жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;
- жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;
- жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі- күнтізбелік 15 күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі:
Аудан әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 12.30дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
Байланыс телефоны: 87277572030
Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты