Меню

Страницы

Статья

Жарнама агенттіктеріне жүгінбей-ақ, жарнама орналастыру оңай!

Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлерінің назарына, кәсіптің бірден бір қозғаушы күші ол жарнама болып табылады. Осы жарнаманы заңдастыру тәртібін бірі білсе, бірі білмей заң талаптарын бұзып, жұмыстарын атқаруда. Осы салада заңдастырушы мекеме ретінде бірқатар түсіндірме жұмыстарын айтып кетуді жөн көрдік.  

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығымен  "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау.

         Осының негізінде, Сіздерді өтініштерді беру және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін алуды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асыруға шақырамыз.

Өз кезегінде, жарнама нысанын орналастыруға рұқсат алу 3 қарапайым қадамнан тұрады:

  1. көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт;
  2. түсті шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің электрондық көшірмесі;
  3. www.elicense.kz порталы арқылы өтініш беру.

Порталда – тәулік бойы қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кететін ақпарат - Мемлекеттік қызмет занды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

«Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы Г. Байғоңыр

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
26 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы