Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған. Бұл шара азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін сақтауға және сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға бағытталған. Егер шенеунік құмар ойындар арқылы қарызға белшесінен батса немесе қаржылық міндеттемелерді өтей алмаса, қызмет бабында дұрыс шешім қабылдай алмауы мүмкін. Өз мүддесін қорғау үшін қабылдаған шешімдері халықтың мүддесіне қайшы келіп, мемлекеттік қызметтің беделіне зиян тигізеді.
Осы себепті, мемлекеттік қызметшілерге казино, ойын автоматтары немесе ставкалар қабылдайтын басқа орындарда ойнауға қатаң тыйым салынады. Заңды бұзған жағдайда тәртіптік жаза немесе қызметтен босату сияқты шаралар қолданылуы ықтимал. Бұған қоса, азаматтар үшін де, әріптестер үшін де лауазымды тұлғаның құмар ойындарға араласпауы — оның адалдығы мен жауапкершілігін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.
Мемлекеттік қызметтің басты мақсаты — халықтың игілігі үшін адал және ашық жұмыс жасау. Ал құмар ойындарға тыйым салу арқылы шенеуніктер өз істерінде әділдік пен бейтараптықты сақтайтынын байқатады. Нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесінің беделі артады, ал азаматтардың билікке деген сенімі нығая түседі.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы