Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер етпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда дербес жүргізеді.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алуды салық төлеуші мынадай:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қате ұсынылған;
2) салық органы тауар импортының болмау фактісін анықтаған;
3) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште бұрын көрсетілген мәліметтерге жанама салықтардың сомаларын есептеу үшін салықтық базаның мөлшеріне әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, оның ішінде осы Кодекстің 459-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, салық органына салықтық өтініш беру арқылы жүргізеді.
Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке:
1) тексерiлетiн салық кезеңi – қосылған құн салығы және салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген акциздер бойынша кешендi тексерулер мен тақырыптық тексерулер жүргiзу кезеңiнде;
2) шағым жасалатын салық кезеңi – қосылған құн салығы және салық төлеушінің шағымында көрсетілген акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берiлмейдi.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.