Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелерімен Тескенсу, Қорам және Қаражота ауылдық округі әкімдерінің аппараттарында мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтер алудың қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Жұмыс сапарының нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының мынадай бұзушылықтары анықталды.
Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ағымдағы жылдың шілде айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу кезінде алдыңғы есіктің өлшемдері ескерілмеді, есік тар, бұл халықтың аз қозғалатын топтарына кедергі болып табылады.
Қорам ауылдық округі әкімі аппаратының басшылығымен мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік және басқа да қызметтерді алу үшін жағдай жасалған жоқ. Мүгедектігі бар адамдарға арналған пандус стандартқа сәйкес келмейді (жауын-шашыннан қорғайтын қалқамен жабдықталмаған, тұтқалар арасындағы қашықтық кең), персоналды шақырту түймесі мен суға арналған диспенсер жоқ, сыртқы баспалдақтың жабыны тайғақ, зағиптар мен нашар көретіндерге жағдай жасалмаған, есту қабілеті нашар және саңырау мүгедектерді, сондай – ақ арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасы жоқ, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы сканермен және бейнекамерамен жабдықталмаған.
Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздер қолайсыз күйде: ту кір, жыртылған. Мемлекеттік органның атауы бар маңдайшалар стандартқа сәйкес келмейді.
Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" орналасқан бөлменің есігі тар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында интернет жоқ. Мемлекеттік органның атауы жазылған маңдайшада Елтаңба өшіп қалды.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі