Меню

Страницы

Статья

Жалпыға бірдей декларациялауға қатысты тәсілдердің өзгеруі

2024 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы жалпыхалықтық декларациялауға көзқарасты қайта қарап, Қазақстаннан тыс мүлкі жоқ төртінші кезең декларанттарын декларация тапсырудан босатуды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Қаржы министрлігі Салық кодексіне түзетулер әзірледі.

 

Әсемгүл Мұстафина аталған түзетулер мемлекеттік органдармен келісіліп жатқанын, Мәжіліске жіберілетінін және оларды 2025 жылдың II тоқсанында қабылдау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) кімдер тапсыруы керек?

250.00 нысанды мына тұлғалар тапсырады:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде активтері бар азаматтар;
  • Сайлау лауазымдарына және мемлекеттік қызметке кандидаттар;
  • Банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға үміткер тұлғалар;
  • Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, жеке сот орындаушылары).

Шетелдегі жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, 1000 АЕК-тен асатын банк шоттарындағы ақшалар, бағалы қағаздар, шетелдік компаниялардағы үлестер немесе тұрғын үй құрылысына қатысу міндетті түрде декларациялануы тиіс.

Қай тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босатылады?

Қазақстан аумағында ғана мүлкі бар тұлғалар декларация тапсырудан босатылады. Дегенмен, олар өз қалауы бойынша антиквариат немесе 1000 АЕК-тен жоғары құндағы сән-салтанат заттары сияқты жеке жинақтарын немесе мүліктерін декларациялай алады. Бұл үшін тәуелсіз сарапшының бағалауы қажет.

Маңыздысы – жаңа тұжырымдамаға сәйкес жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жұбайлары 250-нысанды тапсырудан босатылады.

 

270 нысанын (табыс пен мүлік туралы декларация) тапсыру тәртібіндегі өзгерістер

Әсемгүл Мұстафинаның айтуынша, бұрын 250 нысанын тапсырған соң, келесі жылы міндетті түрде 270 нысанын тапсыру қажет болатын. Енді жаңа тұжырымдама бойынша бұл екі нысан бір-бірінен бөлініп, 270 нысаны өз алдына жеке тапсырылады.

270 нысанды мына тұлғалар тапсыруы керек:

  • Табыс алып, оны өз бетінше салық салуға жатқызатын тұлғалар:
  • Мүліктік табыс;
  • Қазақстаннан тыс алынған табыс;
  • Резидент болып табылатын еңбек иммигранттарының табысы;
  • Жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (ИПН ұсталмаса);
  • Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары және т.б.

Маңызды: кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар 270 нысанда көрсетілмейді, себебі олар салық режиміне байланысты жеке декларацияларда көрсетіледі.

Сондай-ақ 270 нысанды тапсыруға міндетті тұлғалар:

  • Шетелде мүлкі барлар;
  • Банк шоттарында 1000 АЕК-тен астам ақшасы барлар;
  • 2025 жылы 20 000 АЕК-тен астам сомаға Қазақстанда немесе шетелде мүлік сатып алғандар (2026 жылдан бастап күшіне енеді).

Мұндай мүлікті көрсеткен кезде, шығындарды жабу көздері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

ТОО мен АҚ директорлары және құрылтайшыларына қатысты

270 нысанды ТОО мен АҚ басшылары мен құрылтайшылары міндетті түрде тапсырады. АҚ-да 10%-дан астам үлесі бар акционерлер тапсыруға міндетті, ал ТОО-да үлес көлеміне қарамастан барлық құрылтайшылар мен директорлар декларация тапсыруы тиіс.

 

 

Дата публикации
24 сентября 2025
Дата обновления
24 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы