Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.

2025 жылдың басынан бері корпорация мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, сапалы әрі ашық мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар оқытуларды іске асыруда.

Аталған кезеңде корпорацияның фронт-офистерінде мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 43 оқыту іс-шарасы өткізілді. Бұл семинарлар тәжірибе алмасуға, бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыруға және қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуге ықпал етті.

Сондай-ақ, 4-5 қыркүйек күндері Астанада «Таным» корпоративтік оқу орталығы екі күндік семинар өткізді. Бағдарлама kenes1414 және «е-Өтініш» білім базаларымен жұмыс, ішкі процестерді оңтайландыру және электрондық үкімет порталының сервистерін пайдалану мәселелерін қамтыды.

Семинарға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері қатысып, мемлекеттік органдардағы өтініштерді тіркеу мен есепке алу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің мамандары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Практикалық бөлімде қатысушылар «е-Өтініш» жүйесі арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуді үйренді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға «е-Өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу әдістемесі мен тәжірибесі» бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Осылайша, білім беру бағдарламаларын дамыту Мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды бағытына айналып отыр. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, қызметкерлердің кәсіби дамуына және заманауи тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

 

Дата публикации
19 сентября 2025
Дата обновления
19 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы