Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) - тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылдың шілде айының 21-і күні Ж.Қайыпов ауылы, Қазақстан орта мектебінің мәжіліс залында өткен жергілікті қоғамдастық жиынының күн тәртібінде Қазақстан ауылдық округі бойынша Ж.Қайыпов ауылындағы жаңа 3 (үш) көшенің атауына кісі атауын беру туралы жиын өтіп, қоғамдастық мүшелерінің тарапынан қолдау тапты. Құжаттары әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.
Ж.Қайыпов ауылы:
«Қазақстан ауылдық округінің әкімінің аппараты» ММ