Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда:
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босата отырып және (немесе) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге төлеу тәсілімен;
Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуге тиіс.
Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қағаз жеткізгіште уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
Осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылған өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы өтініш электрондық нысанда келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысанда уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.