Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі бір мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі. Ол:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Осы арады мемлекеттік қызметті көрсету нысаны толық электрондық нысанда жүргізіледі.
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың мөлшері:
Бюджеттік кредиттер тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн теңгемен 15 (он бес) жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі.
Мемлекеттік қызметті ақпараттандыру объектілері арқылы – otbasybank.kz/ programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы ( бұдан әрі – Портал) ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Порталда көрсетілетін қызметті алушыға берілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар , кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
-осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ( сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде/тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ( сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ;
- Кредиттік бюродан есеп.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізу болмаған;
мамандықтар бойынша;
жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалада) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12-30-ден 14-00-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін көрсетіледі. Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін , демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады, тәулік бойы.
«Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21 а, «Сервистік әкімдік» ашық алаңы. Тел: 7-21-82, 7-20-19.