«Салық заңнамасын түсіндіру тақырыбына» жариялау. Қосылған құнсалығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою.»
82-бап. Қосылған құнсалығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
1) мемлекеттік мекемелерді;
2) резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;
3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңдытұлғалар, ҚазақстанРеспубликасында қызметін филиал, өкілді карқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар осы бапта айқындалған тәртіппен қосылған құнсалығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.
Салықтық өтініш айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асыпкетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:
1) өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;
2) электрондық нысанда беріледі.
Салықтық өтінішті электрондық нысанда беру туралы ереже тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қосылған құнсалығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін бюджетпен есеп айырысуларды шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші айналымды айқындау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түсетін өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржыжылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 114 184 еселенген мөлшерішегіндегі, үшқұрамдасты интеграцияланған жүйеміндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды.
Ең төмен айналымға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымдары да қосылмайды.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»