Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының баолық мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуде. Бұл Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық – бұл жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді заңсыз пайдалануы өзін немесе үшінші тұлғаларды, сол сияқты осы адамдарға игіліктер мен артықшылықтар беру жолымен пара беру (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексте көзделген; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті). Заңның 5 т. 1-б. сәйкес мүдделер қақтығысы-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің
бас маманы Изтелеуова Г.Н