Меню

Страницы

Статья

Салық төлеу мерзімі

  1. Егер осы Кодекстің 365-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің қорытындылары бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады:

          1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам – орналасқан жері бойынша;

     

          2) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болған) жері бойынша.

     

           Бұл ретте осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар жеке табыс салығын табыс және мүлік туралы декларацияны табыс ету тәсілдеріне қарай табыс және мүлік туралы декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлеуді жүргізеді.

     

    Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.

    Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындылары бойынша бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді осы кодекстің 364-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

          Осы тармақтың ережелері жеңілдетілген салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.

     

          Ескерту. 363-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

          IZPI ескертпесі!

          363-бапқа өзгеріс енгізу көзделген-ҚР 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

     

     

    «Берешекпен жұмыс бөлімі»

    Жетекші маман Копешова А.Е.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы