Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қала, ауылдық округтердегі учаскелік комиссия төрағалары мен комиссия мүшелерінің, мәнсап орталығы мен «Отбасын қолдау орталығының» мамандарының қатысуымен 2025 жылдың 04 сәуірінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету бойыша «Атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуын болдырмау» туралы семинар өткізілді.
Семинарға: Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен аудандық мәнсап орталығының директоры, бөлім мен мәнсап орталығы және «Отбасын қолдау орталығының» мамандары, қала, ауылдық окрутердегі учаскелік комиссия төрағалары мен комиссия мүшелері, барлығы 35 маман қатысты.
Семинар барысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға жол берілмеуі туралы толыққанды түсініктер берілді.