Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Алматы облысы "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Еңбекшіқазақ ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен бірлесіп "2025 жылғы 16 қаңтарда "Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинарға : Алматы облысы "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Еңбекшіқазақ ауданы Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Т. Сарыбаев пен осы бөлімнің 25 қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары С. Абросимова мен бас маман Н. А. Борискина қатысты.
Семинар барысында «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша түсініктеме берілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 31 шілдедегі № 288 бұйрығына өзгеріс енгізілді, 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызметкерлердің қойған барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.