Меню

Страницы

Статья

«Азаматтарды әскери мемлекеттік қызметке шақыру» және «әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларының жүргізу тәртібі

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің «әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін  көрсету қағидаларын бекіту туралы 2020 жылғы 5 қарашадағы  № 605 бұйрығына сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңі  1 наурыздан 30 маусымға дейін және  1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін қабылданатынын хабарлаймыз https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021613.

Өтініш беру үшін бірнеше қарапайым қадамдарды орындау қажет: «eGov.kz» порталына кіресіз. «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінде «әскери қызмет» парақшасынан «шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну» қызметін таңдайсыз, «онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басасыз, өзіңіз туралы деректерді толтырасыз, кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсетесіз, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қоясыз. Толық сілтемесі: https://egov.kz/cms/ru

Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішке негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері бекітіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдау, тіркеу және орындау үшін комиссия төрағасына беруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін болады.

Берілген өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде бақылауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы «Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз, яғни әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, олар бұл қызметтерді онлайн ала алады.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
28 ноября 2024
Дата обновления
28 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы