Меню
Страницы
Статья
Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік, қалаішілік (қалалық) әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
-
- «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2024 жылғы қазан айының 05-ші күні сағат 15:00-де, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы № 21а, № 105 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік, қалаішілік (қалалық) әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттардың лоттары) шығарылады:
- № 15 ЛОТТЫҢ маршруттары:
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Ақтоған» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Қаражота» (ауданішілік);
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Есік қаласы, Жамбыл даңғылы №21а, № 314 кабинетіне мекен жайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы қыркүйек айының 21 күні, сағат 18:30.
- 2024 жылғы қыркүйек айының 16 күні, сағат 15-00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 72 775 7 20 08.
Дата публикации
02 сентября 2024
Дата обновления
02 сентября 2024
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал