Өз құзіретінің шегінде ұжымдар мен азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың, ұжымдардың, мемлекеттік органдардың жұмыстарында заң режиміне қолдау көрсететін, мемлекет қызметіне құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, атқарушы биліктің огандары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөлді орындайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік кірістер органдарының өз функцияларын орындау мүмкіндіктерін босаңсытуға және тиімді қызмет жасауын бұзады. Сондықтан, мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметтің басымды бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмау және алдын алу мәселелері болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған атқарылатын жұмыстардың тиімділігі үшін жыл сайын іс-шаралар жоспары әзірленеді және іске асырылады, сонымен қатар тұрақты негізде сенім телефондары жұмыс істейді. Қарастырылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдардың қызметін және қоғамды белсендіреді, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың бостандығын және конституциялық құқықтарын қорғау басымдылығын қамтамасыз етеді.
Енбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және
ақпараттық технологиялар бөлімі