Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың басынан бастап, Келісімді ЕАЭО-ның барлық мемлекеттері ратификациялағаннан кейін, осы елдердің өз елінен тыс одақ аясында жұмыс істейтін азаматтары өздері жұмыс істейтін елдің азаматтарымен тең негізде зейнетақы құқықтарын алып, сақтай алады.

Мысалы, егер Қазақстан азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдерінің бірінде бірнеше жыл жұмыс істесе, зейнет жасына жеткенде ол осы елден жұмыс істеген кезең үшін зейнетақы алады. Бұл ретте ол ЕАЭО елдерінің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға зейнетақы тағайындау және төлеу туралы өтінішпен жүгіне алады.

БЖЗҚ құзыретті орган ретінде қандай міндеттерді орындайды? 
БЖЗҚ еңбекшілерді (отбасы мүшелерін), зейнетақы жинақтарының мұрагерлерін немесе олардың өкілдерін және олардан құжаттарды қабылдаумен айналысады. Бұдан басқа, мәліметтер мен құжаттарды дайындайды және өңдейді, зейнетақыны тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдап, зейнетақы төлеуді ұйымдастырады. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келген еңбекшілердің еңбек өтілін растайды.

Дата публикации
18 июля 2024
Дата обновления
18 июля 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы