Қазақстанда 2021 жылдан бастап азаматтар жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен өтіп жатыр. 1-кезеңде декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсырды.
Екінші кезең 2023 жылы басталып, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне (дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет, спорт саласы, және олардың жұбайлары) квазимемлекеттік сектор кірді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3-кезең басталды. «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) бизнес өкілдері, яғни жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылар) олардың жұбайлары «кіру» декларациясын тапсыруға міндетті.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санттары ұсынуға міндетті.
Сонымен қатар бұл міндеттеме «ӘРЕКЕТСІЗ» мәртебесі бар жеке кәсіпкерлерге және Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) басшыларына (құрылтайшыларына) да қатысты болады.
Егер де Сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жататын болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтатсаңыз, Заңды Тұлға немесе Жеке Кәсіпкер орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беруге кеңес береміз.
250.00 нысанды мемлекеттік кірістер органдарына қағаз түрінде – 15 шілдеден, электрондық түрде – 15 қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасы арқылы (cabinet.salyk.kz) немесе e-Salyq Azamat, eGov mobile kaspi.kz Halyk мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады.
Жеке тұлғалар 2024 жылы 250.00 нысанын тапсырғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістері мен активтері туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыруы тиіс екенін ескеріңіздер.
Сонымен қатар декларацияны бірінші рет кеш тапсырған жағдайда ескерту берілетінін хабарлаймыз.
Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда – 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК )көлемінде айыппұл салынады.
Бас маман
Самұратова Ақбота Бауыржанқызы