Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын Салық кодексінің 108-бабына сәйкес жүргізіледі.
Беру тәсілдері:
электронды түрде:
- «Салық төлеуші кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-қосымшасы;
- «электрондық үкімет» порталы;
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
қағаз тасығышта:
- «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ.
Құжаттар тізімі:
- ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы № 160 бұйрығына 15 қосымша бойынша нысандағы салықтық өтініш;
- тиісті органның оны қайтаруға негіз болып табылатын құжаты;
- немесе тиісті уәкілетті орган берген құжат, оның әрекеттерді жасамауы (оның ішінде, салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін осы орган растаған жағдайда;
- немесе заңды күшіне енген сот шешімі.
Қөрсету мерзімі:
мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банктік шотына 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.
Ескертпе: мемлекеттік бажды қайтару кезінде салықтық өтініште «Қате төленген сома» (В жолы) және мемлекеттік баж төленген МКО кодын көрсету қажет.
Есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы