Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері "АМАNАТ" партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Багдат Болатович Рахимов, «Алматы облыстық агроөнеркәсіптік кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Жуман Сембаевич Мыкыбаевтың және аудандық ардагерлері Кеңесінің төрағасы Узаков Тлеулес Дуйсебаевичтің қатысуымен Рахат, Ават, Жаңашар ауылдық округі әкімдерінің аппаратында мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтер алудың қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Жұмыс сапарының нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында бұзушылықтар анықталды.

Ават ауылдық округі  әкімі аппараты ғимаратының кіре берістегі есік табалдырықтары жарқын сызықтармен белгіленбеген, "Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы" орналасқан бөлме есігі тар, мүгедектігі бар адамдарға арналған әжетхана қарастырылмаған.

Жаңашар ауылдық округі  әкімінің аппаратында  мүгедектерге арналған пандус белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді: жауын-шашыннан қорғайтын шатырмен жабдықталмаған, «Балалар бұрышы» мен мүгедектігі бар адамдарға арналған әжетхана қарастырылмаған, күту залында келушілер үшін кондиционерлер жоқ.

Рахат ауылдық округі  әкімінің аппаратында мүгедектерге арналған пандустың алдында кедергілер бар, ғимаратқа кіре берісте есік табалдырықтары жарқын сызықтармен белгіленбеген,  ғимараттың кіре беріс есігі, "Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы"орналасқан бөлменің есігі тар. Мемлекеттік органның атауы жазылған маңдайшалар стандартқа сәйкес келмейді.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
28 мая 2024
Дата обновления
28 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы