Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері «Алматы облыстық агроөнеркәсіптік кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Жуман Сембаевич Мыкыбаевтың және аудандық ардагерлері Кеңесінің төрағасы Узаков Тлеулес Дуйсебаевичтің қатысуымен аудандық жер қатынастары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, Есік қаласы әкімінің аппаратында мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтер алудың қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Жұмыс сапарының нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында бұзушылықтар анықталды.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің ғимаратында мүгедектігі бар адамдарға арналған персоналды шақырту түймесі жұмыс істемейді, кондиционер, өтініштер мен шағымдарға арналған кітап жоқ. Тактильді жол жартылай зақымдалған. Ескі ғимарат (1961 жылы салынған) болғандықтан, мүгедектігі бар адамдарға арналған әжетхана қарастырылмаған.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі орналасқан ауданның мәдениет үйінің ғимаратында мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасалмаған. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жоқ.
Есік қаласы әкімі аппараты ғимаратының екінші кіре берісінде мүгедектігі бар адамдар үшін персоналды шақырту түймесі жоқ. Ғимаратқа кіре берістегі баспалдақтың жоғарғы және төменгі жағы, сондай-ақ баспалдақтың бірінші және соңғы сатыларына сәйкес келетін бөліктері бедерлі бетонмен және контрасты бояумен боялмаған.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі