Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2,4-тармақтарына сәйкес 2024 жылдың 12 ақпан мен 19 ақпан аралығында «Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аймақта жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар туындаған жағдайда бөлім басшысының орынбасары 87779707810 Абросимова Светлана Юрьевнаға хабарласуға болады.