Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік бажды қайтаруды жүргізу

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын Салықкодексінің 108-бабына сәйкесжүргізіледі.

Беру тәсілдері:

электронды түрде:

- «Салық төлеуші кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-қосымшасы;

- «электрондық үкімет» порталы;

- e-SalyqAzamatмобильді қосымшасы;

қағаз тасығышта:

- «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ.

Құжаттар тізімі:

- ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы № 160 бұйрығына 15 қосымша бойынша нысандағы салықтық өтініш;

- тиісті органның оны қайтаруға негіз болып табылатын құжаты;

- немесе тиісті уәкілетті орган берген құжат, оның әрекеттерді жасамауы (оның ішінде, салық төлеушінің  тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін осы орган растаған жағдайда;

- немесе заңды күшіне енген сот шешімі.

Қөрсету мерзімі:

Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банктік шотына 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

 

Ескертпе:мемлекеттік бажды қайтару кезінде салықтық өтініште «Қате төленген сома» (В жолы) және мемлекеттік баж төленген МКО кодын көрсету қажет.

 

 

 

                            Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
19 января 2024
Дата обновления
19 января 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы