Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 679 бабына сәйкес осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды ақпараттандырады:
1) жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін Салық кодексінің 79-бабына сәйкес жіберілетін хабарламада;
2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынылатын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада;
3) мыналарға:
салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде;
басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылады.
Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған жағдайда осындай салық төлеушi қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама бергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiн таңдап алды деп танылады.
Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкес келген кезде:
1) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – патент негiзiнде;
1-1) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын;
2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – оңайлатылған декларация негізінде;
3) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын;
4) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшiн;
5) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен – шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн;
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді
әкімшілендіру бөлімінің басшысы
Доспанбетов Д.Д.