Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Қажетті құжаттар: порталға
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жобаны келісу үшін электрондық өтініш;
- бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, электрондық келісімхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі:
Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Байланыс телефоны: 87277520597
Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты