Меню

Страницы

Статья

🔹2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ-кезеңі басталады, бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» (250.00-нысанды) декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Егер Сіз жоғарыда аталған тұлғалардың санатынан болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтата тұрсаңыз онда Сізге заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруге кеңес береміз.

Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп, тексере аласыз. www.kgd.gov.kz:

https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable/list
https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable
https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search/entrepreneur

250.00-нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына 15-шілдеден кешіктірмей - қағаз түрінде, электронды түрде - 15-қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы ұсыну қажет.

2024 жылы 250.00-нысанды ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысанда) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.

Декларацияны уақытылы ұсынбағаны үшін алғашында ескерту қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталап аталған заң бұзушылық жасалса - 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  мемлекеттік

кірістер басқармасының бөлім басшысы Ғ.Н.Құдайбердиев

Дата публикации
12 декабря 2023
Дата обновления
12 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы