Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектер үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында «Amanat» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VIІI шақырылым депутаты Багдат Болатович Рахимовтың, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі Ерік Әзілжанұлы Әбитовтың, аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшесі «Алматы облыстық агроөнеркәсіптік кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Жуман Сембаевич Мыкыбаевтың қатысуымен Қорам және Қаражота ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтер алудың қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

      Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды (нашар еститін және саңырау адамдарды, сондай-ақ көру қабілеті нашар, арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасының және пандустар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді).

         Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
22 ноября 2023
Дата обновления
22 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы