Меню

Страницы

Статья

"ЭШФ тақырыбы бойынша жариялау"

Құрметті салық төлеушілер!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

  1. ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде МКО мөрімен куәландырылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелері тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат болып табылады.

      Салық төлеуші аумақтық МКО-ға осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.

      МКО табыс етілген өтініштің негізінде:

    электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар электрондық шот-фактуралардың табыс етілген электрондық шот-фактуралардың көшірмелерімен сәйкестігіне;

   электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде СТ-1 немесе СТ-KZ нысанындағы тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың барына;

   электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бар көрсетілген сертификаттардағы тауарлардың сипаттамасы туралы ақпараттардың "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.

      МКО өтініш тіркелген сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей ұсынылған электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.";

 

«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»

Дата публикации
20 октября 2023
Дата обновления
20 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы