Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің өзгерістері мәселелері бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің өзгерістері бойынша семинар өткізді.

Семинарға  аудандық прокурор, жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдері, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар және аудан әкімі аппаратының, Есік қаласы және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары қатысты.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі 2023 жылдың 9 айындағы жұмыстарының қорытындысы талқыланды, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Жер кодексіндеге өзгерістер мен толықтырулар туралы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға енгізілген өзгерістеріне түсініктеме берілді.

 

 

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және

ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
16 октября 2023
Дата обновления
16 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы