Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектер үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі жұмыс тобының сапарларын өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері «Алматы облыстық агроөнеркәсіптік кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы Жуман Сембаевич Мыкыбаев, аудандық ардагерлері Қенесінің төрағасы Тлеулес Дуйсебаевич Узаков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары -  жұмыс тобы төрағасының орынбасары  Светлана Юрьевна Абросимова, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдерінің мамандарымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолжетімділікті құру мақсатында Сөгеті және Масақ ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында  қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Қолжетімді орта әртүрлі нысандарды арнайы құрылғылармен жабдықтауды көздейді, бұл халықтың қимылы шектеулі топтарға мемлекеттік мекемеге еркін баруға мүмкіндік береді. Халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді кіру есігіне жақын орналасқан «Мүгедек» деген белгілері бар көлік құралдарына арналған тұрақ орындары, ғимараттың сыртқы есік табалдырықтарының биіктігі 1,4 см аспауы, баспалдақ марштары, есік ойықтары алдындағы, сондай-ақ коммуникациялық жолдар бұрылысының алдындағы қашықтықтағы қозғалыс жолдарының еден учаскесінде ескертпе кедір-бұдыр және/немесе марштың, ойықтың үстіңгі беті барлық енімен қарама-қарсы түске боялған болуы тиіс. 

        Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды:

         Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік органның атауы жазылған маңдайшада Мемлекеттік Елтаңба орналастырылмаған, мемлекеттік органның туы ақ түсті және шеттері жыртылған, қызмет алушыларға арналған автотұрақ, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған тұрақта асфальт жабыны жоқ,  қызметкерлерді шақыру түймесі қол жетімсіз жерде орналасқан (пандустан кейін), көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған стенд (оның ішінде мемлекеттік органның атауы мен жұмыс кестесі бар Брайль шрифтімен тактильді маңдайша) жоқ, нашар еститін және саңырау мүгедектерді, сондай – ақ арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасы жоқ, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» толық жабдықталмаған: картридер жоқ, ол ЭЦК жеке куәлікте жазылған тұлғалар үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қиындатады және сканер жоқ.

Масақ ауылдық округі әкімінің аппаратында нашар еститін және саңырау мүгедектерді, сондай – ақ арбамен жүретін мүгедектерді шұғыл эвакуациялау схемасы жоқ, тексеру кезінде интернеттің болмауына байланысты "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында" интернет жылдамдығын тексеру мүмкін болмады.

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
13 октября 2023
Дата обновления
13 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы