2023 жылғы 28 қыркүйекте өткен "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің Григорий Марченко жүргізген "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" тақырыбындағы бірінші панельдік сессиясы аясында Халықаралық зейнетақы қорлары әкімшілері федерациясының (FIAP) Президенті Гильермо Артур (Сантьяго, Чили) сөз сөйледі.
Оның баяндамасының тақырыбы: "Чилидің зейнетақы жүйесі: нәтижелері, сын-қатерлері, одан әрі даму келешегі".
Гильермо Артур мырза Чили зейнетақы жүйесінің үлгісі көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға негіз болғанын атап өтті.
Баяндамашы Чилидің зейнетақы жүйесінің негізгі сипаттамаларын атап өтті. Оның ішінде мыналар да бар:
Чилидің зейнетақы реформасы бұрынғы белгіленген төлемдері бар тарату жүйесінің (defined benefit system) тұрақсыздығына байланысты жүргізілген болатын. Себебі, жұмыс істейтін жұмысшылардың біртіндеп азайып бара жатқан саны зейнеткерлердің күн санап ұлғайып жатқан қатарына зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге мәжбүр болды. Таратушы жүйенің тұрақсыздығын соңғы 27,5 жылдағы (1995 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін) мына деректер көрсетеді: 82 ел жарна мөлшерлемесін көтерді; 66 - зейнеткерлік жасты өсірді; 66 - берілетін жәрдемақы сомасын шектеді немесе қысқартты.
Соңғы бірнеше онжылдықта таратушы жүйесі бар және сонымен бірге әртүрлі нысандағы жеке жинақтау тетіктерін енгізген елдер саны 1999 жылы 17 болса 2022 жылы ол 51-ге дейін өсті.
Нәтижелер туралы айта отырып, Гильермо Артур жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істеген 40 жыл ішінде зейнетақы қорларының инвестициялық кірістілігі жылына орта есеппен 7,2% болғанын атап өтті. Бұл жұмысшылардың алғашқы буыны жинаған қаражаттың төрт есеге өскенін білдіреді. Чили жүйесі қолданылған Латын Америкасының өзге елдерінде тиімділік Чилидікіне ұқсас болды.
Зейнетақы жүйесін дамыту келешегін жариялай отырып, баяндамашы әлемде өмір сүру ұзақтығының өсу факторын ескере отырып, халықтың жұмыс істеу аясының жаңа нысандарын (өзін-өзі жұмыспен қамту, қашықтан формат) дамытумен қатар, зейнетақы жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін келесідей қадамдар жасау қажет екенін атап өтті:
Баяндамасын қорытындылай келе, Гильермо Артур зейнетақы реформасының сәтті болуы үшін төмендегі факторларды ескеру қажет екенін атап өтті:
- Таратушы жүйе демографиялық себептерге байланысты тұрақты емес, ал жинақтаушы жүйе зейнетақыларды қызметкерлердің салымдары есебінен ғана емес, сонымен қатар инвестициялық кіріс есебінен қаржыландыруға ықпал етеді, сондай-ақ, елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады;
- Зейнетақы ресурстарын басқару түсімді көбейтіп, шығынды азайтуға ынталандыратын бәсекелес ортада жүзеге асырылуы тиіс;
- Зейнетақыны қаржыландыру көздері әр түрлі болуы керек және бірнеше деңгейден тұрады:
- Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің жалғыз мақсаты болуы керек – лайықты табыс алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Ал ол инвестицияларды құралдар санаты, эмитенттер және жағрапиялық аумақтар бойынша сауатты әртараптандыруды талап етеді.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).