Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектер үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі жұмыс тобының сапарларын өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолжетімділікті құру мақсатында Тескенсу және Қаратұрық ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында  қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Қолжетімді орта әртүрлі нысандарды арнайы құрылғылармен жабдықтауды көздейді, бұл халықтың қимылы шектеулі топтарға мемлекеттік мекемеге еркін баруға мүмкіндік береді. Халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді кіру есігіне жақын орналасқан «Мүгедек» деген белгілері бар көлік құралдарына арналған тұрақ орындары, ғимараттың сыртқы есік табалдырықтарының биіктігі 1,4 см аспауы, баспалдақ марштары, есік ойықтары алдындағы, сондай-ақ коммуникациялық жолдар бұрылысының алдындағы қашықтықтағы қозғалыс жолдарының еден учаскесінде ескертпе кедір-бұдыр және/немесе марштың, ойықтың барлық енінің қарама-қарсы түске боялған үстіңгі беті болуы тиіс. 

        Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды:

         Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппаратында пандус жауын-шашыннан қорғайтын шатырмен жабдықталмаған, көру қабілеті нашар және зағип келушілерге арналған жұмыс кестесі (Брайль шрифті) бар тақтайша ғимарат ішінде орналасқан.

Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратында пандус жауын-шашыннан қорғайтын шатырмен жабдықталмаған, ғимаратқа кіре берісте биік есік табалдырықтары (2см биік) орнатылған, бұл арбадағы мүгедектер үшін кедергі болып табылады, көру қабілеті нашар және зағип келушілерге арналған жұмыс кестесі (Брайль шрифті) бар тақтайша ғимарат ішінде орналасқан.

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі

 

Дата публикации
22 сентября 2023
Дата обновления
22 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы