Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық үкімет порталы арқылы мынадай құжаттарды береді:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе өзгертуден бас тарту туралы шешімі қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында тиісті шешім жібереді.
Толық ақпаратты Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады
Мекен-жайы: Бижанов ауылы,Абай көшесі, құрылыс1А
Байланыс телефоны: 8 (72776) 7-13-32