Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы Аналитикалық анықтамасы

Қазақстан Республикасының 2015 жлғы 18 қарашадағы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Заңының 8 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданынының Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт  бөлімі  басшысының   2023 жылдың 05 шілдесіндегі  № 52 бұйрығымен  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт  бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Штат кестесіне сәйкес 2023 жылдың басынан 8  бірлік, оның ішінде                1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшысының орынбасары, 5 бас маман, 1 жетекші маман жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1 бос орын бар.

2023 жылдың қаңтар айында үкіметтік емес ұйымдарының арасында өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалардың орындау қызметтерінің ашық конкурсы өтті. Лоттар атауы:

  1. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сонымен қатар қарттарды қолдауға арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру.
  2. Еңбекшіқазақ ауданында діни экстремизм зардаптарын, радикалды сипаттағы діни ағымдардың алдын алу, оның қоғамға кері әсерін түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру
  3. Еңбекшіқазақ ауданында этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындар арасында татулықтың қадір-қасиетін кеңінен насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру
  4. Еңбекшіқазақ ауданында гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған іс-шаралар топтамасы мен отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау бойынша идеологиялық жұмыстар жүргізу
  5. Жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу, өскелең ұрпақ, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру.

                Еңбекшіқазақ ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, сонымен қатар қарттарды қолдауға арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастыру (1800,0 теңге); Еңбекшіқазақ ауданында діни экстремизм зардаптарын, радикалды сипаттағы діни ағымдардың алдын алу, оның қоғамға кері әсерін түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру (1800,0 теңге); Еңбекшіқазақ ауданында этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайту, тұрғындар арасында татулықтың қадір-қасиетін кеңінен насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру (2250,0теңге) – осы аталған 3 лот бойынша келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

         Ал соңғы екеуі – Еңбекшіқазақ ауданында гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған іс-шаралар топтамасы мен отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау бойынша идеологиялық жұмыстар жүргізу, Жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу, өскелең ұрпақ, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру бойынша лоты "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіның хаты негізінде бас тартылды.

         Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында 2 425 000 теңге ЖК «Пулатов» ұтып алып, бүгінде жұмыстарын жасап жатыр. Ақша тоқсан сайын жасалған жұмысына қарай төленеді.

         Республикалық және өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер, яғни газеттерге: Еңбекшіқазақ – 9 380 896 теңге, Алатау-6 146 104 теңге бөлінген. Оларға да жасалған жұмысқа қарай төленеді.

Мәдениет саласы бойынша 2023 жылы Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға бағытталған қызметтерге 1 204 000 бөлініп, жұмыс атқарылған. (IP ADINA (атқарушы))

Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға (ҚД субсидиясы) 460 234 000 теңге.

Спорт саласы бойынша 2023 жылға арналған сома –13 708 000тг. Спорттық жарыстарды өткізу аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейде –

4 792 000 000.

 

Топ мүшелерінің дайындығы және қатысуы үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) командалары облыстық спартакиадада түрлі спорт түрлері

Жарыстарға – 8 916 000 теңге бөлінген.  Олардың барлығының есептері жасалады.

         2023  жылдың қаңтар айынан  шілде айына  дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша норматитік-құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер туралы дәлел жоқ.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

  1. Д.Ахметов Бөлім басшысы,

                                                                         жұмыс тобының жетекшісі

 

 

  1. Б.Шарғынова           Бөлімнің бас маманы

 

  1. Қ.Ахметжанов          «Еңбекшіқазақ» газетінің бас

                                                                редакторы

 

  1. Б.Елшибаева Жергілікті қауымдастықтар қоры

                                                                қоғамдық қорының  директоры

Дата публикации
22 августа 2023
Дата обновления
22 августа 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы