"Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығының 22-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Қағидалар) " ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде Тізбенің 1, 2, 3 және 4-реттік нөмірлерінде көрсетілген тауарларды алушы тауарлар виртуалды қоймаға түсетін бастапқы ТІЖ ресімдейді деп көзделген. Осы тармақта көрсетілген тауарлар бойынша бастапқы ТІЖ деректері, өз мұқтаждары үшін пайдаланылатын тауарларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары жанама салықтарды төлеу фактісін растағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЭШФ жазып беру кезінде шығу көзін автоматты түрде көрсету мақсатында 328.00-нысан деректерімен салыстыруға жатады. Осылайша, егер тауар ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесінің 1, 2, 3 және 4-реттік нөмірлерінде көрсетілмеген жағдайда, ТІЖ-ді 328.00 нысанымен салыстыру талап етілмейді. Бұл ретте ЭШФ АЖ-да осындай тауарлардың есебін ерікті түрде жүргізу және тиісінше осындай тауарларды салыстыру мүмкіндігі бар.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»