"сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 6-т. 1-б. сәйкес сыбайлас жемқорлық – бұл жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді заңсыз пайдалануы өзін немесе үшінші тұлғаларды, сол сияқты осы адамдарға игіліктер мен артықшылықтар беру жолымен пара беру (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексте көзделген; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті).
Заңның 5 т. 1-б. сәйкес мүдделер қақтығысы-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл ретте аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.
Заңның 6-б. сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды анықтауды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мен сақтауды; ; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер; мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»