Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектер үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі жұмыс тобының сапарларын өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолжетімділікті құру мақсатында Бәйдібек би және Қазақстан ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында  қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Қолжетімді орта әртүрлі нысандарды арнайы құрылғылармен жабдықтауды көздейді, бұл халықтың қимылы шектеулі топтарға мемлекеттік мекемеге еркін баруға мүмкіндік береді. Халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді кіру есігіне жақын орналасқан «Мүгедек» деген белгілері бар көлік құралдарына арналған тұрақ орындары, ғимараттың сыртқы есік табалдырықтарының биіктігі 1,4 см аспауы, баспалдақ марштары, есік ойықтары алдындағы, сондай-ақ коммуникациялық жолдар бұрылысының алдындағы қашықтықтағы қозғалыс жолдарының еден учаскесінде ескертпе кедір-бұдыр және/немесе марштың, ойықтың барлық енінің қарама-қарсы түске боялған үстіңгі беті болуы тиіс. 

        Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды:

         Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппаратында пандус беті жартылай қираған және ол жауын-шашыннан қорғайтын шатырмен жабдықталмаған, пандус тұтқалары төмен орналасқан, суға арналған диспенсер жұмыс істемейді, баспалдақ маршының алдындағы қозғалыс жолдарындағы еден учаскелерінде, есік ойықтарында ескерту Ойық және/немесе қарама-қарсы боялған таспалары жоқ, бұл нашар көретін адамдар үшін кедергі болуы мүмкін, балаларға арналған бұрыш жабдықталмаған және есту қабілеті нашар және саңырау адамдарды, сондай-ақ мүгедектер арбасын шұғыл эвакуациялау схемасы жоқ.

Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппаратында пандус жауын-шашыннан қорғайтын шатырмен жабдықталмаған, ғимаратқа кіре берісте биік есік табалдырықтары (2см биік) орнатылған, бұл арбадағы мүгедектер үшін кедергі болып табылады, сондай-ақ баспалдақ марштары, есік ойықтары алдындағы қозғалыс жолдарындағы еден учаскелерінде ескертпе кедір-бұдыр және / немесе контрастты боялған ленталар жоқ, бұл нашар көретін адамдар үшін кедергі болу мүмкін, мемлекеттік органның атауы, көру қабілеті нашар және зағип келушілерге арналған жұмыс кестесі (Брайль шрифті) бар тақтайша жоғары орналасқан.

      Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі

Дата публикации
15 июня 2023
Дата обновления
15 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы