ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымының толассыз бақылануын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба басталды, ол ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде электрондық нысандар есімделеді.
Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және жеткізушілер мен сатып алушылармен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 15 наурыздағы № 278 бұйрыққа байланысты СНТ ресімдеу және "Виртуалды қойма"модулін қолдану бойынша оңайлату көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпегені үшін, кәсіпкерлік субъектілеріне қарай 5 пен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»