Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған түйінді мәселелерді және кемшіліктерді қарау жөніндегі жұмыс тобының жұмыс сапарларын өткізу кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік қызметті алу кезінде "кедергісіз орта" құру мақсатында Жаңашар және Бәйтерек ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында қоғамдық мониторинг жүргізілді.
Жұмыс сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы заңнамасында бұзушылықтар анықталды.
2022 жылдың 13 мамыр күні Жаңашар ауылдық округі әкімі аппаратында ведомствоаралық комиссия мүшелері қоғамдық мониторинг жүргізіліп, бұзушылықтарды жою бойынша ұсыным берді. Пост-бақылау кезінде ауылдық округ басшылығы енгізілген ұсынымдар бойынша бір жылдың ішінде бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізбегені анықталды. Пандустың беті жартылай бұзылған, қызметкерлерді шақыру түймесі мен диспенсер жұмыс істемейді, ғимаратқа кіре берісте биік есік табалдырықтары (2см биік) орнатылған, бұл арбадағы мүгедектер үшін кедергі болып табылады; сондай-ақ бұл табалдырықтар жарқын сызықтармен белгіленбеген, бұл нашар көретін адамдар үшін кедергі болуы мүмкін, "Оpen space" форматындағы азаматтарды қабылдау кабинеті апатты жағдайда: төбесі салбырап тұр, оның құлау қаупі бар.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі