Бөлім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыс жүргізеді.
Бөлім Мемлекеттік қызметтің 5 түрін жүзеге асырады, бұл:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай - ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру-390
- Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды кепілге беруді мемлекеттік тіркеу -11
- Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, олардың тіркемелері, өтімділігі жоғары арнайы машиналар-600
- Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу-284
- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту -4779
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны-6064
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және қағаз түрінде
Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Пошталық мекенжайы: 040400, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есіктөкатаев қаласы 19. Байланыс телефондары: 8/72775/4-27-77
Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаларды және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен ішкі бақылау жүргізу жұмысына жауапты қызметшілерді бекіту бойынша тиісті нормативтік актілер қабылданды.
Аудан әкімдігінің веб-сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде халықты ақпараттандыруға арналған стандарттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі орналастырылған.
Халықты ақпараттандыруға арналған стендтер бар стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, телефон нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған.
Бөлім басшысы Е.Жакеев