Меню

Страницы

Статья

Құрметті салық төлеушілер!

"ЭШФ тақырыбы бойынша жариялау"

Құрметті салық төлеушілер!
413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері
1. Шот-фактура: 

1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;

2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;

3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;

3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;

4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

  1. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналымды жасау күні немесе одан кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады. 
  2. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі. 
  3. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері осы Кодекстің 420-бабында белгіленеді. 

Осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.

Ескерту. 413-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

 

Дата публикации
15 мая 2023
Дата обновления
15 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы