Салық кодексінің 451 бабы 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес мынадай тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады:
инвестициялық келісімшарт шеңберінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесіне енгізілген;
әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші қызметті инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана талап қою мерзімінің шегінде пайдаланатын шикізат және (немесе) материалдар.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-күнінен бастап үздіксіз бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген активті пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады;
Салық кодексінің 451 бабы 3 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күніне төленуге жатады.
«Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі»