Меню

Страницы

Статья

🔶 Міндетті зейнетақы жарналарын кім және қалай төлеу керек?

Зейнетақы жарналарын бірнеше жолмен аударуға болады:
🔹 Егер сіз жалдамалы жұмыскер болсаңыз, сіздің жұмыс берушіңіз ай сайын жалақыңыздың 10% БЖЗҚ-дағы жинақ шотыңызға аударып отыруға міндетті.
🔹 Егер сіз АҚС шарты бойынша заңды тұлғамен (салық агентімен) жұмыс істесеңіз, онда тапсырыс беруші ай сайынғы төлемнің 10% ұстап, БЖЗҚ-ға аударуы керек.
🔹 Егер сіз АҚС шарты бойынша салық агенті болып табылмайтын тапсырыс берушімен жұмыс істесеңіз, онда сіз ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын БЖЗҚ-ға өзіңіз аудара аласыз, бірақ сома ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10%-нан аспауы керек. Мұны банктер немесе Қазпошта арқылы жасауға болады.
🔹 Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болсаңыз, онда сіз бірыңғай жиынтық төлемді жасауыңызға болады. 
🔹 Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда сіз салық кезеңінің әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерін есептеп, шыққан соманы ай сайын БЖЗҚ-дағы шотыңызға аударып отыруыңыз қажет. 

#МЗЖ #зейнетақыжарналары #БЖЗҚ



Дата публикации
25 апреля 2023
Дата обновления
25 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы