Меню

Страницы

Статья

📌 Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланады?

БЖЗҚ-ның активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және салымшының таңдауымен инвестициялық портфельді басқарушылар жүзеге асырады. Зейнетақы ақшасына сатып алуға болатын қаржы құралдарының тізімін ҚР Үкімет бекітеді. Басқару тиімділігін арттыру және инвестициялық бағыттар бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару кеңесі әзірлейді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық стратегиясы активтерді ұлттық және шетел валютасында әртүрлі қаржы құралдарына әртараптандыруға негізделген.

 

Бүгінгі күні қазақстандықтардың зейнетақы активтері 

🔹 мемлекеттік бағалы қағаздарға,

🔹 квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың бағалы қағаздарына,

🔹 корпоративтік облигациялар мен ҚР эмитенттерінің акцияларына,

🔹 екінші деңгейдегі банктердің және шетелдік банктердің депозиттеріне,

🔹 сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына инвестицияланады.

Инвестициялық қызмет туралы ақпарат ай сайын БЖЗҚ-ның ресми сайтында  жарияланады. 

Дата публикации
25 апреля 2023
Дата обновления
25 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
14 октября 2026
Сайлау округтері, олардың шекаралары, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері және құрамы
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы